Вячеслав Левчук: «Жігіттердің бүгінгі көрсеткен ойыны – нағыз ерлік»
17.May.2025
– Ойын өте тартысты, эмоцияға толы өтті деп ойлаймын. Стадионға келген жанкүйерлерге де, теледидар арқылы көргендерге де матч ұнаған болар. Біз қазір өте тығыз ойын кестесінде жүрміз, сол себепті жігіттердің бүгінгі көрсеткен ойыны – нағыз ерлік. Бұл жай әдемі сөздер емес. Осы сапар алдында мен жігіттерге шынайы мотивация беруге тырыстым, барынша көп ұпай жинау керектігін айттым.
Бізде Қызылордада өте ауыр ойын болды, ал бүгін мүлде басқа жағдайға тап болдық – контраст айқын сезілді. Бірақ жігіттер өздерін керемет көрсетті. Мінез көрсетіп, жеңісті жұлып алу – бұл үлкен жетістік.
Бүгінгі ойын өте ұнады, әсіресе ойын үлгісі көңілімнен шықты. Бірінші таймда біз гол өткізіп алған соң, қарсылас басым болды – олардың екі тірек жартылай қорғаушысына тым көп еркіндік беріп қойдық. Бірақ мен тактикалық тұрғыдан өзгеріс енгіздім – байқаған боларсыздар – бұл өз нәтижесін берді. Демек, біз дұрыс шешім қабылдадық.