Вячеслав Левчук: «Ондай ойынды қолдан беру – бұл өзіне талап қоя білетін команда үшін лайықсыз»

31.May.2025

– Әрине, мұндай нәтиже – өте өкінішті. Менің ойымша, матчтың драматургиясы бізге мүлде басқа көңіл күйде болуға мүмкіндік беретіндей қалыптасты. Бір доп айырмасымен жеңіп жаттық, қарсылас командада ойыншы алаңнан қуылды – ал ондай ойынды қолдан беру – бұл өзіне талап қоя білетін команда үшін лайықсыз. Қазір бірден асығыс шешімдер қабылдағың келмейді, бірақ ойынға мұқият талдау жасалатыны – бұл сөзсіз. Есепті сақтап қалу үшін ойнау туралы нұсқау болған жоқ – мен бұл туралы жігіттерге айтқан болатынмын.