В.Масудов: «Жақсы сәттер болды, бірақ екінші допты соғу мүмкін болмады».

23.Jun.2021

«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Вахид Юнусович «Қызылжар» командасына қарсы ойыннан кейінгі сұхбаты.

– Бұл ойында біз ойлаған жоспардың тең жартысы жүзеге аспады. Алғашты таймның өзінде бірнеше қателікке жол бердік. Дегенмен екінші таймда өзгертулер енгізіп, команданы қайта құрдық. Ауыстырулардың әсерінен тезірек ойнадық. Өкінішке орай қорғаныста қателік жібердік. Бірақ мінез көрсетіп, есепті қайта теңестірдік. Жақсы сәттер болды, бірақ екінші допты соғу мүмкін болмады. Алдағы уақытта өткен ойындарда жіберген қөателіктерді талдап, қайталамауға тырысамыз.
Кеше стадионды керемет атмосфера болды. Біздің барлық жанкүйерлерімізге қолдауы үшін рахмет айтамыз. Өкінішке орай қуанту мүмкін болмады.

Естеріңізге сала кетейік кеше футболдан OLIMPBET-Чемпионатының 17 турында «Ақтөбе» футбол клубы Петропавл қаласының «Қызылжар» командасымен кездесіп, 1-1 есебімен тең түскен болатын. «Ақ-қызылдар» сапынан жалғыз голды ойынның 81 минутында Юрий Логвиненко соққан болатын.

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі