«Ақтөбе» футбол клубы Демият Сламбековпен қоштасты.

01.Jul.2021

Ойыншымен болған келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылғанын хабарлаймыз.

2020 жылдың басында команда құрамын толықтырған ойыншы, өткен жылы футболдан Қазақстан Республикасының Бірінші лигасының жеңімпазы атанған болатын.

«Ақтөбе» футбол клубы Демият Сламбековқа өткізген ойындары үшін алғыс білдіреді және басқа клубта табысты өнер көрсетуін тілейді!

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі .