Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсылас анықталды
18.Jun.2025
“Ақтөбе” ФК польшалық “Легия” ФК ұтып, келесі айналымға жолдама алған жағдайда Чехияның Острава қаласының “Баник” ФК ойнайды. Айта кетейік, бұл кезеңде “Баник” ФК алғашқы матчын өз алаңында өткізеді.
“Баник” ФК Чехияның 4 дүркін чемпионы. 20 ғасырдың екінші жартысында Еуропа чемпионаттарында жақсы нәтижелер көрсеткен, тарихы терең команда. 1980/81 жылғы Чемпиондар лигасының ширек финалына дейін жеткен клуб.