Жайро Жан: Еурокубокте сәл ғана қателік үшін жазалайды
20.Jul.2024
– Иә бұл ауыр ойын болды. Бәріміз білеміз. Біздің ұмтылатын деңгейдегі ойын. Олар бізге басымдықты беріп қойды, алайда біз оны пайдалана алмадық. Футболда бұндай жиі болып тұрады. Бізге еңсемізді көтеріп, жайымызды жақсарту үшін жұмыстану қажет
Иә, бұл футбол. Біз концентрациямызды жоғалтып аламыз, бірер секундқа концентрация жоғалтсаң мұндай дәрежедегі ойындарда дәл осылай жазалайды. Бірақ мен команда жүз пайызға күш-жігерін салып ойнады деп ойлаймын. Бізге бір жанұя болу керек және сонда ғана деңгейіміз өседі
“Сараево” – жақсы команда. Олар маусымды енді бастаса да, бабы өте жақсы. Жақсы қарсылас екенін олар дәлелдеді. Қазіргі таңда айта алатыным осы ғана