Лео Струмия: Біздің бұл кубокке еңбегіміз сіңді және біз жеңіске лайық болдық

30.Sep.2024

– Бұл жеңісті ойынға қуаныштымыз, бұл кубокке еңбегіміз сіңді деп ойлаймын. Маусымның басынан бері ұзақ уақыт бойы финалдың Ақтөбеде өтетінін естіп, бұл турнирді жеңу мақсатын қойдық. Және меніңше әркез команда осыны ойдан шығармай, соңына дейін таласты

Ойындағы қателіктер туралы айтуға болады, алайда матч біткенше біз бар күшімізді салдық және біз жеңіске лайықты болдық. Біз бәріміз, әрине, жанкүйерлер және барлығымыз, осы Кубокті Ақтөбеге алып келгеніміз үшін өте қуаныштымыз. Себебі біз соңғы секундқа дейін тырмыстық, бұл ұзаққа созылған маусым және де бұл ұтып, Ақтөбенің жайдары адамдары үшін кубокті қаламызға әкелу керемет сезім. Трофейге өте қуаныштымыз

Ойын кезінде біршама жүйке жұқарды, сондай-ақ кеше менің туған күнім болатын және менің ойымша құдай туған күніме сый етіп осы кубокті берді. Матч біткенде мен өте толқыдым және бұған дейін айтқанымдай, бір жыл бойы жалғыз жүру оңай емес. Иә, әрине менің жанымда отбасым, әйелім мен балам болды, бірақ өз ата-анаңнан жырақ жүру аса қиын. Әлбетте, “Ақтөбе” сияқты үлкен клуб үшін кубок жеңу деген ой көп мазалады, бұл орасан эмоциялар. Мен футболды осылай сезінемін, мен өз максимумымды көрсетіп, кубокті жеңіп, осылай бақытты болып жүруді дұрыс көремін.