Максим Самородов 2022 жылғы маусымның “Үздік жас ойыншысы” атанды

25.Nov.2022

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы маусымның үздік жас ойыншысын анықтау мақсатында Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының бас бапкерлері мен команда капитандары арасында сауалнама ұйымдастырды.

2021 жылғы маусымнан бастап ҚКФЛ бастамасымен «Маусымның ең үздік жас ойыншысы» жүлдесі отандық футболдың атақты ардагері Анатолий Ионкиннің есімімен аталады.

Өткен сауалнама қорытындысы бойынша «Ақтөбе» ФК мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Максим Самородов еліміздің үздік жас ойыншысы атанды. 20 жасар ойыншы ел біріншілігінде қатысқан 22 ойында 3 гол соғып, 5 нәтижелі пастың авторы атанды.