Ақсу — Ақтөбе матчы Дмитрий Огайдың құрметіне өтеді

12.Aug.2023

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XIX туры Жамбыл футболының түлегі Дмитрий Огайдың құрметіне өтеді.

Дмитрий Алексеевич футболшы ретінде «Химик», «Тараз», «Қайрат», «Пахтакор», «Шахтер», «Достық», «Ақтөбе» және «Мұнайшы», сондай-ақ «Прейсен Хамельн-07» (Германия) командаларында өнер көрсетті.

1982 жылы Огайға КСРО спорт шебері атағы берілді. 1996 жылы туған «Тараз» командасының құрамында ел чемпионы атанды, ал 1997 жылы жарыстың күміс медалін жеңіп алды.

Бапкер ретінде «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Тобыл», «Тараз», «Қайрат», «Орал», «Қайсар», «Жетісу», ресейлік «Урал» және «Нефтехимик» командаларында қызмет атқарды. 2023 жылы алматалық «Хан-Тәңірі» командасының бас бапкері атанды.

Дмитрий Алексеевич бапкер ретінде «Ертіспен» бірге Қазақстан чемпионатын екі рет жеңіп алды, бес рет күміс медалінің, сонымен қатар екі рет қола медалінің иегері атанды.

2007 жылы «Тобылмен» бірге Қазақстан Кубогін, кейін УЕФА Интертото кубогін жеңіп алды. Аталмыш жеңіс қазақстандық клубқа УЕФА Кубогіне қатысуға мүмкіндік берді.

Дмитрий Алексеевич үш рет Қазақстанда жыл бапкері болып танылды.