«Ақтөбе» жастары резервтік құраммен есе жіберді
18.Aug.2021
Екінші лига аясында өткен ойында «Атырау» жастар командасы жауапсыз жеті доп соқты.
Алайда айта кететін бір жайт, матч алдында жастарымыздың дәрігері оң ПТР тест тапсырып, команда түгелдей дерлік карантинге кетуге мәжбүр болған еді. Бүгін қонақтарға қарсы футбол орталығымыздың 2004-2005 жылғы жас өрендері алаңға шыққан болатын.
Алдағы уақытта Косолапов шәкірттері толық құрамда оралып, жеңісті жолын жалғастырады деп сенеміз.
«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі