«Ақтөбе» жастар командасы Түркияда жиын өткізуде 

16.Mar.2022

«Ақтөбе-U21» командасы 9 наурыз күні Белек қаласындағы оқу-жаттығу жиындарын бастады.

Шетелдік ОЖЖ 27 наурызға дейін жалғасады деп күтілуде. Оның аясында жаңа тағайындалған аға бапкер Ернар Жалбыровтың шәкірттері үш бақылау матчын өткізеді. Команда сапында қазіргі таңда 22 ойыншы жүр.

20 наурызда және 26 наурызда жастарымыз даниялық қос клуб «Амагер» және «Юллинге» командаларымен, ал 23 наурыз күні ресейлік «Мордовия» ұжымымен шеберлік байқасады.

Былтыр жастар командасын жаттықтырған Алексей Косолапов жыл соңында өз еркімен қызметінен кеткен болатын.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі