Николай Костов: «Бұл жеңіс команданың рухын көтеріп, психологиялық тұрғыда үлкен серпін береді»

18.Aug.2025

– Мен командамен бар болғаны үш-төрт күн ғана жұмыс істеп жүрмін. Ең алдымен, жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтқым келеді – осындай қиын сәтте бізге ол өте қажет болды. Футболшыларымды құттықтаймын: олар мінез көрсетті. Біз 0:1 есебімен жеңіліп жатқанда да берілмей, қайсарлық таныттық және, ойымша, бұл жеңісті әділ түрде алдық. Себебі соңғы минуттарда командамыз қарқынын арттырып, «Оқжетпеске» үлкен қысым көрсетті.

«Оқжетпес» жайлы да жақсы сөз айтқым келеді: олардың тәртібі мықты, өзара әрекеті жоғары болды. Бүгін оңай болған жоқ. Тағы да футболшыларымды жеңіспен құттықтаймын – дәл қазір бұл өте қажет еді. Қазір ойыншылар сәл шаршаңқырап тұр, оларға қалпына келу керек. Ал бұл жеңіс команданың рухын көтеріп, психологиялық тұрғыда үлкен серпін береді.