Николай Костов: «Екі түрлі тайм өткіздік»

28.Sep.2025

– Мен бұл ойынды екі бөлікке бөле аламын: бірінші таймда – біздің команда өте жақсы ойнады, допқа иелік ету, орталық алаңда дәл пас беру, тосын шабуылға жағдай жасау – бәрі жақсы шықты. Ал екінші таймда керісінше, біз қарсылас секілді ойнай бастадық, қорғаныстан шабуылға, шабуылдан қорғанысқа ауысқан тең ойын болды. Бастапқыда ойлағанымыз жүзеге аспады. Бірақ соған қарамастан, ойыншыларды осы жеңіспен құттықтауым керек. Сондай-ақ шыдамдылық танытқан жанкүйерлерді де құттықтаймын.