Ресми ақпарат

01.Dec.2022

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында «Ақтөбе» футбол клубының капитаны Юрий Логвиненко өз мансабын аяқтап, клубтың спорттық директоры болып тағайындалады деген хабарлама жарық көрді.

Осыған сәйкес «Ақтөбе» футбол клубы аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. “Ақтөбенің” тәжірибелі ойыншысы қазіргі таңда еңбек демалысында және футболшы ретінде мансабын аяқтау туралы шешім қабылдаған емес.

Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін ресми ақпаратқа ғана назар аударып, клуб абыройына нұқсан келтіретін хабарлардан аулақ болуға шақырамыз.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі