«Ақтөбе» ФК ресми мәлімдемесі
26.Jul.2023
Қазақстандық футбол көрермендері мен «Ақтөбе» жанкүйерлерінің назарына
Бүгін, 26 шілдеде сағат таңғы 11:00-де, «Ақтөбе» ФК делегациясы УЕФА Конференция лигасының 2-іріктеу кезеңі аясындағы «Торпедо» — «Ақтөбе» ойынына қатысу үшін Ақтөбе – Кутаиси чартерлік рейсімен ұшуды жоспарлаған болатын. Матч 27 шілдеде Ақтөбе уақытымен сағат 22:00-де Кутаисиде (Грузия) өтуі тиіс.
Соңғы бес жыл бойы «Ақтөбе» футбол клубына әуе тасымалы қызметін көрсетіп келе жатқан ұжым серіктесі «Санжар Тур» туристік компаниясы чартерлік тасымалдауды жүзеге асыратын әуе кемесінің түрі мен борт нөмірін, рейс нөмірін, әуе компаниясының әуе кемесінің меншік құқығын көрсететін тиісті құжаттарды Грузия тарапына уақтылы жіберді.
Алайда шілденің 26-сы күні таңертең Грузияның Азаматтық авиация комитетінің өкілдері Кутаиси әуежайына аталған ұшақты қонудан бас тарту туралы хабарлама жіберіп, себебін түсіндірместен хат жолдаған.
Грузин тарапымен өткен одан әрі шұғыл келіссөздер оң шешімге әкелмеді. Сөйтіп «Ақтөбе» ФК өз жерінде қалды және қазір «Орталық» стадионда матч алдындағы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Бүгінгі таңда «Ақтөбе» ФК делегациясымен әуе кемесінің ұшуы бүкіл маршрут бойынша барлық уәкілетті құрылымдармен келісілген.
Ертең, 27 шілдеде, таңғы сағат 9:00-де «Ақтөбе» ФК делегациясы басқа ұшақпен Кутаисиге аттанбақ.
Қонақтағы матчта команданы қолдауға барған жанкүйерлерді сабырлық пен қоғамда қабылданған мінез-құлық нормаларын сақтауға шақырамыз. Біздің жолымызда тек футбол ғана емес, қандай қиындықтар болса да, біздің команда Қазақстанның үздік жанкүйерлерінің қолдауымен қарсыласты міндетті түрде және абыроймен жеңетініне сенім білдіреміз.
«Ақтөбе» «Торпедо» (Кутаиси) ФК әкімшілігіне осы мәселені шешуде көрсеткен шұғыл қолдауы үшін алғысын білдіреді.