Ресми: Никита Маляров — «Ақтөбе» ойыншысы
21.Feb.2022
Қызыл-ақтардың Анталиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында ресейлік жартылай қорғаушы Никита Маляровпен келісім-шарт жасалды.
32 жасар орталық хавбек Ресейдің «Кубань», «Химки», «Оренбург» және волгоградтық «Ротор» сынды клубтарында ойнаған.
Екінші жиында «Ақтөбе» футбол клубында қаралымда болған Маляров бақылау матчы аясында «Кубань» қақпасына тамаша сол соқса, сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасына қарсы легионерлер командасында да доп теуіп үлгерді.
Жанұямызға қош келдің, Никита!
«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі