Парфенов “Ақтөбе” бас бапкері қызметінен кетті

01.Sep.2024

«Ақтөбе» футбол клубы өзара келісім аясында Дмитрий Владимирович Парфеновпен арадағы келісім-шартты үзіскенін ресми хабарлайды. 49 жастағы ресейлік маман маусым басында «Ақтөбенің» тізгінін ұстап, команданы турнирлік кестедегі екінші орында қалдырып барады.

Сондай-ақ Парфеновтың басшылығымен “Ақтөбе” Қазақстан Кубогінің финалына шықты. Мамыр айының “Үздік бапкері” жүлдесін жеңді.

“Ақтөбе” футбол клубы Дмитрий Владимировичке зор алғыс білдіре отырып, ілгергі мансабына мол табыстар тілейді.