Ақтөбе облысы футбол федерацияларының жиналысы өтті

08.Dec.2021

Өткен жұма күні “Ақтөбе” ОФК” АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Жамантаевтың қатысуымен Ақтөбе облыстық футбол қауымдастығы Атқару комитеті мүшелерінің және Аудандық футбол федерациялары қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары мен өкілдері арасында жиналыс өтті.

Кездесу “Ақтөбе” футбол клубының кеңсесінде өткізілді және ZOOM платформасы арқылы онлайн түрде көрсетілім жүргізілді.

Шара барысында облыстық және аудандық деңгейде жарыстар мен турнирлер ұйымдастыру мәселесі сөз етілді. “Ақтөбе” футбол клубының тарапынан қаржылық қолдау жайы қозғалып, қалалық әуесқой біріншілікті мүшелік жарнасыз өткізу жағы талқыланды.

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі