Ресми: Джордже Ивкович – “Ақтөбе” ФК ойыншысы

16.Feb.2025

Сербиялық шабуылшы “ақ-қызылдар” қатарын толықтырды. 28 жастағы шабуылшы бойшаң әрі жылдам футболшы болып саналады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Македония чемпионатында ойнап, 17 ойында 9 гол соққан. Бойшаң футболшы екінші қабатта да, ойын сәттерінде де тез шешім қабылдайтынымен ерекше. Бойы 191 см. Оңқай. Шабуылшы Қазақстан чемпионатында да жақсы қырынан танылады деген сенімдеміз.

Қош келдің Джордже!