Барлық жарқын сәттер үшін рахмет, Виталий Владимирович!
01.Jul.2021
Виталий Волков “Ақтөбе”футбол клубынан кетті. Ойыншымен болған келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылғанын хабарлаймыз.
2020 жылғы ҚР Бірінші лигасында жеңіске жеткен ресейлік футболшы, “ақ-қызылдар” сапында 68 матч өткізіп, 3 голмен, 4 голдық пас берген.
Осы уақыт аралығында ол жанкүйерлердің қошеметі мен махабббатын жаулап қана қоймай, өзімен бір мәрте сөйлескен адамның өзінде, өзі жайында жақсы пікір қалдра білетін жан. Клубтың қиын қыстау кезінде қасынан табылып, өзінің көмегін аямаған азамат.
Осы орайда “Ақтөбе” футбол клубы Виталийге біздің команда құрамында өткізген жылдары үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Сонымен қатар әдемі ойын мен соғылған доптары, адалдық және жай ғана керемет адами қасиеттер үшін рақметімізді жеткіземіз! Футбол мансабының келесі кезеңіне сәттілік тілейміз!
“Ақтөбе” футбол клубының баспасөз қызметі