Футбол бапкерлері арасындағы ашық турнир өз бастауын алды

13.Dec.2021

Бүгін Ақтөбеде облыстық балалар-жасөспірімдер футбол мектептерінің жаттықтырушылары арасында футзалдан ІІІ ашық турнир басталды.

Бес-бес командадан жиналған А және В топтары үш күн бойы кім мықтыны анықтайтын болады. Қалалық спорт мектебінен бөлек, жарысқа Байғанин, Ырғыз, Темір, Мұғалжар және Мәртөк сынды аудандардан келген бапкерлердің командалары қатысып жатыр.

“Ақтөбе” ФК басқарма төрағасы Ерлан Жамантаев ақтөбелік футбол орталығының команда капитаны ретінде алғашқы ойында Ырғыз құрамасының қақпасына гол соғып, жеңіске жетуге үлес қосты.

Турнир 12 желтоқсанға дейін жалғасады. Жарыстың бас қазысы — Есенова Күнсая Оралбайқызы.

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі