Қайта оралуыңмен, Стас!

01.Feb.2022

Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі қақпашысы Стас Покатилов «Ақтөбе» ойыншысы атанды.

Естеріңізде болса, 29 жасар футболшы 2015 жылы «Ақтөбе» құрамында сәтті өнер көрсетіп, командамен бірге біріншіліктің қола жүлдесін иемденген еді. Сол уақытта Покатилов ҚПЛ-да 32 матч өткізіп, 25 доп жіберген. Одан бөлек, аталмыш маусымда 14 ойында өз қақпасын «құрғақ» сақтаған.

Біздің клубтан Стас келесі жылы ресейлік «Ростов» сапына ауысып, көршілес елдің Премьер-лигасында вице-чемпион атағын жеңіп алған болатын.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі