Уго Видемон: «Тең нәтиже – апат емес, бірақ «Ақтөбе» үшін бұл жарамсыз»

26.Jun.2023

«Ақтөбе» командасының француз жартылай қорғаушысы Премьер-лиганың 13-туры аясындағы «Мақтааралға» (1:1) қарсы ойын туралы пікір білдірді.

– Әрине, бұл өте нашар. Тең нәтиже – апат емес, бірақ бұл бізге жарамсыз. «Ақтөбе» сияқты клуб өз алаңындағы матчтарда үнемі үш ұпай алуы керек. Әрине, біздің ұнжырғамыз түсті. Команда жұмыс істеуін жалғастыруы керек.

– Қаншама ай емделдіңіз, толық жазылып кеттіңіз бе?

— Иә, бірақ жүз пайыз емес. Мен ептеп-ептеп жақсарғым келеді. Әрине, мен көбірек жаттығуым керек. Мен жұмыс істеуге тиіспін, өйткені бұным әлі де жеткіліксіз. Бұдан да жақсырақ болғым келеді, бірақ тізедегі ауыр жарақатты ескере отырып, бұл оңай емес. Сондықтан жұмыс істеп, сенімге ие болу керек.