Хосе Севальос: «Чемпион болғымыз келсе тең ойнай бермеу керек»

26.Aug.2024

– Жақсы ойын болды деп ойлаймын. Бірінші голды біз салдық және үш ұпай алатын мүмкіндігіміз болды. Бірақ өкінішке қарай гол жіберіп алдық және бұл жақсы емес. Жеңіс үшін келгенбіз. Қапалымыз. Үш ойын қатарынан жеңе алмай келе жатқанымызға қынжыламыз. Егер чемпион болғымыз келсе, тең ойнай бермей үш ұпай олжалау керек. Команда ішінде түйткілді шешіп, қателіктерді түзету үшін сөйлесеміз. Және әрине егер титул үшін күрескіміз келсе біз жақсырақ ойнауға тиіспіз.