Қарсыласымыз – «Легия» ФК
18.Jun.2025
Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі қарсыласымыз анықталды. Аталған лигада «Ақтөбе» ФК Польшаның Варшава қаласының «Легия» ФК ойнайды.
Жеребе нәтижесі бойынша алғашқы ойын 10 шілде күні Варшава қаласында өтсе, қарымта ойын 17 шілде күні өз алаңымызда Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда болады. Легия – 1916 жылы құрылған клуб. Алайда бірнеше жыл өмір сүруін тоқтатып, кейін 1920 жылы қайта жанданды. 1969-70 жылдары Еуропа чемпионатының жартылай финалына дейін жеткен Польша елінің үздік командаларының бірі. Өткен жылы Конференция лигасының ширек финалында өнер көрсетті.
Командамызға сәттілік тілейміз!