Д.Кашкен: “Ендігі қалған ойындарда қателікке жол бермей, барынша жоғары ұпай алу керек”.

28.Jun.2021

“Ақтөбе” футбол клубының қорғаушысы Дінмұхаммед Кашкен “Шахтерға” қарсы ойыннан кейін өзінің пікірімен бөлісті.

– Өкінішке орай бүгін біздің жолымыз болмады. Көптеген мүмкіндіктерімізді сәтті пайдалана алмадық.
Бірінші таймда қарсылас команда белсенді бастағанымен, екінші таймда біз ширақ қозғалып, бапкердің нұсқауларын орындауға тырыстық. Дегенмен орынсыз гол біз ойлаған жоспарды өзгертті. Бүгінгі ойыннан қателіктерімізді талқылап, алдағы ойындар да қайталамаймыз деп сенемін.
Алдағы болатын “Ақжайыққа” қарсы матчта барымызды салып ұтуымыз қажет. Ендігі қалған ойындарда қателікке жол бермей, барынша жоғары ұпай алу керек.

“Ақтөбе” футбол клубының баспасөз қызметі