«Ақтөбе» мен Вахид Масудов өзара келісім бойынша ынтымақтастығын доғарды

26.Jul.2021

«Ақтөбе» футбол клубы командамыздың бас бапкері Вахид Юнусович Масудов пен «Ақтөбе» ФК арасындағы еңбек шартының тараптардың өзара келісімі бойынша тоқтатылғанын хабарлайды.

Клуб басшылығы кеше ұжымға маманмен келісім-шарттың үзілгендігі жайлы жеткізді. Сонымен қатар оның көмекшісі Иван Геннадьевич Азовский да өз қызметін босатты.

«Ақтөбе» аталмыш мамандарға жасаған жұмыстары үшін алғыс білдіре отырып, алдағы бапкерлік мансаптарында жетістіктер тілейді.

Қазіргі таңда клуб басшылығы жаңа бапкерді іздеу үстінде және жақын уақытта қолда бар кандидаттар бойынша нақты шешім қабылданатын болады.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі