«Ақтөбе» футбол клубы — Қазақстандағы ең даңқты клубтардың бірі. Бес дүркін ел чемпионы. Өз аренасы болып саналатын Орталық стадион 1975 жылы ашылды. Бүгінде ол 12 800 көрерменді қабылдай алады. Стадион құрылысы жағынан ерекше. Ол КСРО-да жүгіру жолағы жоқ алғашқы таза футбол стадиондарының бірі болды. Клубтың түстері ақ-қызыл. Негізгі жанкүйерлер ұйымы – «13-сектор» қозғалысы.
2000 жылдардың басында клуб 11 жыл қатарынан еуропалық турнирлерге қатысты. Клуб іріктеу кезеңінен бастап еуропалық жарыстың топтық кезеңіне шығуға бірнеше қадам қалғанда тоқтап жүрді. 46 кездесуде 15 жеңіс, 11 тең ойын және 20 жеңіліс; жалпы гол айырмасы 54-64 болды. Еуропалық жарыстағы алғашқы ойын Лиепаяның «Металлург» клубымен өтті. «Ақтөбе» Австрияның «Маттерсбург» клубымен өткен ойында алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ең ірі жеңіс – 4:0 (Хафнарфьордур, Исландия, Чемпиондар лигасы 2009-10). Ең ірі жеңіліс – 1:5 (Динамо Киев, Украина, ЕЛ 2013-14).
«Ақтөбе» ФК құрылған күннен бастап бес рет атауын өзгертті.
1967-1995 жж – «Актюбинец»
1996-1997 жж – «Ақтөбемұнай»
1997-2000 жж – «Ақтөбе»
2000-2005 – «Ақтөбе-Ленто»
2005 жылдан – «Ақтөбе»
«Орталық стадион» қаланың басты футбол аренасы және «Ақтөбе» футбол клубының үйдегі алаңы. 1975 жылы салынған. Ашылу күні 1975 жылдың 28 тамызы: бұл күні «Актюбинец» пен ЦСКА командалары арасындағы ойын (0:1) өтті, голды Копейкин соқты. Стадион елдегі ең көп адам жиналатын орындардың бірі. Ол өз аумағында 12 800 адамды қабылдай алады.
Матчтар саны бойынша рекордсмендер
№ | Ойыншы | Барлығы | ҚЧ | ҚК | ҚСК | ЧЛ | ЕЛ |
---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | Марат Хайруллин | 308 | 227 | 38 | 2 | 14 | 27 |
2 | Юрий Логвиненко | 296 | 229 | 34 | 3 | 9 | 21 |
3 | Андрей Сидельников | 259 | 202 | 21 | 2 | 12 | 22 |
4 | Самат Смақов | 238 | 184 | 26 | 2 | 10 | 16 |
5 | Петр Бадло | 233 | 177 | 23 | 3 | 9 | 21 |
6 | Эмиль Кенжисариев | 191 | 139 | 21 | 2 | 9 | 20 |
7 | Александр Митрофанов | 177 | 149 | 17 | 1 | 6 | 4 |
8 | Қайрат Әшірбеков | 159 | 141 | 17 | 0 | 1 | 0 |
9 | Дмитрий Юрист | 152 | 134 | 18 | 0 | 0 | 0 |
10 | Константин Головской | 151 | 119 | 16 | 2 | 10 | 4 |
Гол саны бойынша рекордсмендер
№ | Ойыншы | Барлығы | ҚЧ | ҚК | ҚСК | ЧЛ | ЕЛ |
---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | Марат Хайруллин | 78 | 62 | 10 | 0 | 2 | 4 |
2 | Андрей Мирошниченко | 60 | 53 | 7 | 0 | 0 | 0 |
3 | Самат Смақов | 47 | 36 | 4 | 0 | 5 | 2 |
4 | Дмитрий Юрист | 45 | 45 | 0 | 0 | 0 | 0 |
5 | Қайрат Әшірбеков | 44 | 37 | 7 | 0 | 0 | 0 |
6 | Константин Головской | 43 | 36 | 5 | 0 | 2 | 0 |
6 | Мұрат Тілешев | 43 | 30 | 8 | 0 | 3 | 2 |
8 | Сергей Рогачёв | 38 | 32 | 6 | 0 | 0 | 0 |
9 | Маркос Пиззелли | 36 | 33 | 3 | 0 | 0 | 0 |
10 | Сергей Струков | 31 | 21 | 5 | 3 | 0 | 2 |
Еуропалық жарыстарға қатысу тарихы
«Ақтөбе» Еуропа футбол қауымдастығы одағы – УЕФА Чемпиондар лигасы мен УЕФА Кубогінің қолдауымен өткен турнирлердің 11 жеребесіне қатысты. Іріктеу кезеңдерінен бастап, еуропалық доданың топтық кезеңіне шығуға бір қадам қалғанда бірнеше рет тоқтады. 46 кездесуде 15 жеңіс, 11 тең және 20 жеңіліс; жалпы гол айырмасы 54-64 болды. Еуропалық жарыстағы алғашқы ойын Лиепаяның «Металлург» клубымен өтті. «Ақтөбе» Австрияның «Маттерсбург» клубымен өткен ойында алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ең ірі жеңіс – 4:0 (Хафнарфьордур, Исландия, Чемпиондар лигасы 2009-10). Ең ірі жеңіліс – 1:5 (Динамо Киев, Украина, ЕЛ 2013-14).