“Ақтөбе” футбол орталығының тәрбиеленушілеріне толық спорттық экипировка табыс етілді

31.Aug.2021

30 тамыз — Ата заң күніне орай және 1 қыркүйек — Білім күні қарсаңында “Ақтөбе” футбол клубы басшылығы ақ-қызылдардың түлектерін толық спортық киіммен қамтамасыз етті.

Табыстау салтанатын ашып берген облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров жас өрендер мен ата-аналарды осынау мерекемен құттықтап, орталық тәрбиеленушілеріне сәттілік тіледі.

“Балаларға арналған спорттық экипировка көптен бері шешілмей келе жатқан мәселе еді. Бүгінгі таңда клубымыздың 400-ге жуық жеткіншектері мен қыз балаларына толық киім-кешек табысталып отыр. Командамыздың болашағы болатын жастар үшін барлық жағдайды жасауды жалғастыратын боламыз”, – деді Руслан Геннадийұлы.

Аталмыш шараға сондай-ақ клубтың басқарма төрағасы Ерлан Жамантаев және футболшылар қатысты.

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі