Қаңқу әңгімелерді жоққа шығару
04.Oct.2021
Кейбір бұқаралық және бұқаралық емес ақпарат құралдарында «Ақтөбе» ФК бас бапкері Владимир Мухановтың жалақысы айына 25 мың долларды құрайды деген мағынада хабар тарады.
«Ақтөбе» футбол клубы аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Бас бапкердің еңбекақысы көрсетілген сомадан бірнеше есе төмен. Алайда еңбек шартының құпиялылығын сақтау мақсатында Мухановтың табысын нақты жариялау әдептілікке жатпайды деп есептейміз.
Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін ресми ақпаратқа ғана назар аударып, клуб абыройына нұқсан келтіретін хабарлардан аулақ болуға шақырамыз.
«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі