Bienvenue, Hugo!

30.Dec.2021


«Ақтөбе» футбол клубы француз жартылай қорғаушысы Уго Видемонмен екі жылдық келісім-шарт жасасқанын ресми хабарлайды.

28 жасар хавбек Марсель футбол мектебінің түлегі болып табылады. Францияның «Клермон», «Аяччо», Бельгияның «Тюбиз» және Польшаның «Висла» клубтары сапында доп тепкен.

Соңғы екі жылды ол «Жальгирис» құрамында өткізіп, екі дүркін Литва чемпионы атанған. Өткен маусымда Видемон вильнюстік команда сапында барлық турнирлерде 19 гол соғып, 18 голдық пас берген. Осылайша, Литва Чемпионатының үздік сұрмергені және үздік ойыншысы деп танылған.

Уго сол жақ жартылай қорғаныстан бөлек, шабуылдың өткір шебінде де өнер көрсете біледі. Вингердің бір ұтымды қасиеті — екі аяқпен де өте жақсы ойнайды.

«Ақтөбенің» су жаңа ойыншысы Уго Робин Видемонға қызыл-ақ жанұяға қош келдің дейміз!

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі