Уго Видемонт наурыз айының үздік голы үшін марапатталды

12.Apr.2022

Уго Видемонт наурыз айының үздік голы үшін марапатталды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде 2022 жылдың наурыз айында үздік голдың авторы атанған Уго Видемонттың («Ақтөбе») марапаттау рәсімі өтті.

Видемонтқа жүлдені ҚКФЛ Президенті Рохус Шох табыстады.

Үздік голды таңдау Лиганың әлеуметтік желілерінде ұйымдастырылған сауалнаманың қорытындысы бойынша жүзеге асырылды. Бұл нәтижелі соққыны француздық футболшы Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 2 туры аясында «Атырау» қақпасына бағыттады.

– Мен өте қуаныштымын, маған дауыс берген барлық жанкүйерлерге алғысым шексіз. Аталмыш жүлде мені ынталандырады, сонымен қатар бұл гол «Атырауға» қарсы ойында маңызды үш ұпай алып келуге көмектескеніме қуаныштымын. «Ақтөбе» жанкүйерлерін нәтижелі соққылармен одан әрі қуантуға тырысамын. Мен өзімнің жеке статистикам туралы уайымдамаймын, себебі футболда кез-келген жағдай орын алу мүмкін. Голдарымның жеңіске жетуге және команданың кестеде көтерілуге көмектескенін қалаймын, – деді Уго.