Рақмет, дядя Петя!

11.May.2022

«Ақтөбе» футбол клубы және Петр Бадло өзара мәміле аясында еңбек шартын үзісті.

Петр Климентьевич 2021 жылғы маусымның тамыз айында бас бапкердің көмекшісі болып тағайындалған болатын.

Бадло футболшы ретінде «Ақтөбе» құрамында 8 жылдың ішінде 4 рет Қазақстан чемпионы, 2 рет күміс жүлдегер, 3 рет қола жүлдегер атанған болатын. Клубымыздың аңызы сондай-ақ бір рет ҚР Кубогін жеңіп, 3 рет Суперкубок иегері және Достастық Кубогінің күміс жүлдегері атанды.

2018-19 жылы да ол “Ақтөбе” футбол клубында бас жаттықтырушының көмекшісі қызметін атқарған болатын.

«Ақтөбе» футбол клубы команда тізгініндегі бапкерлік еңбегі үшін Петр Бадлоға алғыс білдіре отырып, ілгергі мансабында оған сәттілік тілейді.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі