Карпович — «Ақтөбенің» жаңа бас бапкері
06.May.2022
«Ақтөбе» футбол клубы Андрей Владимирович Карповичпен келісім-шарт жасасқанын ресми хабарлайды.
Футболшы ретінде Карпович 2010 жылы ақ-қызылдардың намысын қорғап, ел чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын.
41 жасар маман бұған дейін алматылық «Қайраттың» бапкерлік штабында шеберлігін шыңдап, кейін екі жыл бойы көкшетаулық «Оқжетпестің» тізгінін ұстаған.
Былтыр петропавлдық «Қызыл-Жардың» бас бапкері болып тағайындалып, 2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша солтүстік ұжымды төртінші орынмен УЕФА Конференция лигасына шығарған еді.
Биыл Қазақстан ұлттық құрамасы бас жаттықтырушысының міндетін атқарып, Ұлттар лигасының аясындағы С Лигасы үшін таласта өткен өтпелі матчта Молдованы жеңген еді.
Жаңа бапкерімізге тек сәттілік тілеп, командамызға қайта оралуымен құттықтаймыз.
«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі
Карпович — новый главный тренер «Актобе»