«Ақтөбе» қысқамерзімдік демалысқа шықты

23.May.2022

«Тұранмен» өтпей қалған ойыннан соң «ақ-қызылдар» кішігірім демалыс алды.

Шағын оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін команда қаламызда 1 маусым күні жиналады деп жоспарланып отыр. Ұлттық құрамаларға шақырылған ойыншылар қатарымызға кейіннен қосылмақ.

Келесі ресми матчын «Ақтөбе» 19 маусымда Olimpbet-Қазақстан Чемпионатының 14-туры аясында сырт алаңда «Атырауға» қарсы өткізеді.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі