Байдәулетов 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасына шақырту

02.Jun.2022

«Ақтөбе» жастар командасының 16 жасар ойыншысы Аян Байдәулетов U17 Қазақстан жасөспірімдер құрамасына шақыртылды.

Құраманың аға бапкері Александр Кузнецов 6-14 маусым аралығында Талғардағы құрама командалар базасында өтетін оқу-жаттығу жиынына баратын ойыншылардың тізімін жариялады.

«Ақтөбе» тәрбиеленушісі Байдәулетов былтыр жастар командамызға тартылып, Екінші лигадағы алғашқы голын салып та үлгерген еді. 15 жасында доп соққан Аян біріншіліктің рекордын орнатқан болатын.

10 маусым күні жасөспірімдер құрамасы «Жас Қыран» және «Оңтүстік Академиясына» қарсы екі бақылау матчын өткізеді. Ал 13 маусымда «Жас Қыранмен» тағы да бір жолдастық кездесу өтпек.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі