«Ақтөбенің» Орталық стадионында жүгіру жолақтары болмайды
19.Jul.2022
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде «Ақтөбе» футбол клубының басқарма төрағасы Ерлан Жамантаевтың баспасөз мәслихатында айтқан сөздерін қате ұсыну я бұрмалау түріндегі хабарлар тарады.
«Ақтөбе» футбол клубы таралып жатқан аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Жоспарланып отырған стадион жөндеуінде алаң жанынан жүгіру жолақтарын төсеу қарастырылмаған. Жүгіру жолақтары стадионның сырт жағынан салынуы ықтимал екенін жеткіземіз.
Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін ресми ақпаратқа ғана назар аударып, клуб абыройына нұқсан келтіретін хабарлардан аулақ болуға шақырамыз.
«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі