Байтана — «Ақтөбе» ойыншысы!

27.Jul.2022

«Ақтөбе» футбол клубы өз құрамын жаңа жартылай қорғаушымен күшейтті.

«Тараз» клубынан 30 жасар хавбек Бауыржан Байтана біздің команда сапына ауысты. Келісім-шарт мерзімі — 2,5 жыл.

Жамбылдық футбол мектебінің түлегі болып табылатын Бауыржанның мансабында алматылық «Қайрат» пен қарағандылық «Шахтер» және қостанайлық «Тобыл» мен қаскелеңдік «Сұңқар» сияқты клубтар болды.

Сондай-ақ 2017 жылы Байтана ақ-қызылдар сапында да доп тепкенін айта кетейік. Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы биылғы чемпионаттағы 16 матчта 3 гол салып, 9 ассист берген.

Жаңа ойыншымызға қызыл-ақ жанұямызға қош келдің дей отырып, оған біздің клубпен бірге жарқын жетістіктерге жетуін тілейміз.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі