Николай Костов: “Бүгін тіпті төрт голдан да көп жіберетіндей ойын көрсеттік”
10.Oct.2022
“Каспий” бас бапкері “Ақтөбемен” өткен матч жайлы пікірімен бөлісті.
— “Ақтөбенің” толыққанды лайықты жеңісі. Оларды жеңістерімен құттықтаймын. Бүгін біздің қақпаның маңында орын алған ситуацияларға қарасақ, тіпті төрт голдан да көп жіберетіндей ойын көрсеттік. Осыған да шүкір. Біз өте сүреңсіз ойнадық және мен үшін мұның басты себебі — допқа талас барысында жеңіліске ұшырай беруіміз. Допқа жақсы иелік етсек те, бұл бізге көмектеспеді. Сондықтан да 0:4 есебі — заңды нәтиже.
“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі