«АҚТӨБЕ» ОФК» АҚ
ФУТБОЛ ОРТАЛЫҒЫ
БАПКЕРІНІң ТӘРТІП КОДЕКСІ
Мен өз жұмысымды, балаларды және футболды өте жақсы көремін, сондықтан мен уәде беремін:
- балалармен жұмыс істеуден ләззат алуға;
- әр баланың прогресін көруге және бағалауға;
- оларға үлгі болуға;
- олардың физикалық және психикалық сау болып өсуіне;
- олардың салауатты өмір салтын ұстануына;
- спорт олардың оқуына кедергі келтірмейтініне;
- олардың футболшы болуына жағдай жасауға.
Сол себепті уәде етемін:
- әрбір баланы және оның ата-анасын құрметтеуге;
- ешбір жағдайда олардың қадір-қасиетін төмендететін әрекеттерге жол бермеуге;
- жоғары сапалы оқыту процесін қамтамасыз етуге;
- мамандығымда үнемі жетіліп отыруға;
- өз әріптестерім мен жетекшілерімді құрметтеуге;
- тәртіпті және жауапты болуға;
- салауатты өмір салтын ұстануға.