Өңір басшысы “Ақтөбе” ойыншыларымен кездесті

29.Jun.2023

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов бүгін “Ақтөбе” командасының жаттығуына арнайы келді.

Орталық стадионда өткен кездесуде Ералы Лұқпанұлы ақ-қызылдардың бапкерлік штабы мен ойыншыларына биылғы маусымдағы мақсат-міндеттердің өзгермейтінін қадай айтты.

Сондай-ақ ол “Ақтөбеге” әрдайым қолдау танытатынын білдіріп, чемпионаттың екінші айналымы мен еурокубок матчтары алдында сәттілік тіледі. Аймақ басшысы жоғары шеберлікпен қатар, футболда тыңғылықты даярлық пен асқан ерік-жігердің де атқаратын рөлі зор екенін атап өтті.

Кездесу барысында облыс әкімі бас бапкер Андрей Карповичпен және команда капитаны Дмитрий Шомкомен тілдесті де, жас дарын Максим Самородовты туған күнімен құттықтап, оған қазақтың ұлттық бас киімі — тымақты сыйға тартты.