Андрей Карпович: «Мұндай жеңістер бізді жігерлендіреді және сенімділік береді»

23.Jul.2023

«Ақтөбенің» бас бапкері Андрей Карпович Премьер-лиганың 16-туры аясындағы «Қайсарға» (1:0) қарсы ойынға қатысты пікір білдірді.

– Тағы да айтамын, біз ең маңызды тапсырманы – үш ұпайды еншілеу жағын орындадық. Мүмкін бұл қарапайым естілер, бірақ бұл шындық. Жеңіске жету үшін бір доп та жеткілікті. Турнирде не болып жатқанын көріп отырсыздар, сондықтан біз өте қуаныштымыз. Жеңіске жеткенде қуанып, көңіл-күйді көтере білу керек. Енді осы қиын, маңызды жеңістен кейін біз Конференция лигасының матчына сабырмен дайындаламыз. Мұндай көңіл-күйде, жақсы атмосферада бәрі әлдеқайда оңай және жеңіл өтеді. Жанкүйерлерді де құттықтаймын – әдеттегідей жақсы қолдау болды. Ақырында мен оларды қуантқым келді: гол соқтық, бірақ, өкінішке қарай, бірнеше мүмкіндікті голға айналдыра алмадық. Жалпы, біз өте ризамыз, көңіл толады. Мен жігіттерге өз жұмысында кәсіби болғандары үшін алғыс айтқым келеді — ол ойнамайтындар, аз ойнайтындар болсын — бізде оң пайдалы микроклимат бар. Мұндай жеңістер бізді жігерлендіреді және сенімділік береді. Жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз, әрі қарай жүреміз.

– Уго Видемонның денсаулығы қалай? Ол жарақат алды ма және қанша уақытқа шет қалды?

– Қазір айту мүмкін емес. Менде МРТ немесе УДЗ жоқ, ондай нәрсе… Менің ойымша, жарақат айтарлықтай ауыр емес. Бірақ Угоның реакциясы түсінікті: енді ғана жалпы топқа оралды — және қайтадан жарақат. Зақым немен байланысты? Әрине, ол көп ойнаған жоқ. Жаттығу барысы бар, кейбір қиындықтарға байланысты жіберіп алған жаттығулары бар… Бұл үлкен мәселе емес деп ойлаймын. Қалпына келтіру үшін біраз уақыт қажет. Сондықтан мен Угоның темір мінезіне сенімдімін — ол біз үшін өте маңызды ойыншы екенін дәлелдеді және денсаулығына байланысты белгілі бір қиындықтарға қарамастан дәлелдейді де. Біз жеңіп жатырмыз және ол командаға көп көмектеседі. Менің ойымша, онда ауыр ештеңе жоқ.