Уго маусымның соңына дейін жарақатынан емделмек

25.Jul.2023

Сенбі күні өткен “Ақтөбе” — “Қайсар” матчында жеңіс голын соққан француздық көшбасшымыз тап сол ойында тізе жарақатын алғанынан хабардарсыздар.

Соңғы екі маусымда бұл — Видемонның алып отырған төртінші тізе жарақаты. Сол арада ойыншы бірнеше рет ота жасатса да, ескі жара қайта-қайта мазалады.

Осылайша, жарақаттың ауырлығын, сондай-ақ жартылай қорғаушының жақсылап ем алу жөніндегі ниетін ескере отырып, “Ақтөбе” футбол клубы мен Уго Видемон өзара келісім бойынша еңбек шартын доғару туралы шешім қабылдады.

Бұл шешім, бір жағынан, клубтағы бір легионердің орнын босатып, еурокубокте сәтті өнер көрсету үшін басқа шетелдік ойыншыны алу мәселесімен түсіндіріледі.

Уго Видемон “Ақтөбе” үшін екі маусымда Қазақстан Премьер-лигасында 21 матч өткізіп, 10 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді. Клуб ұжымы мен жанкүйерлері атынан Угоға жарақатынан тез айығып, жасыл алаңға толыққанды оралуын тілейміз.