Қош келдің, Тимур!
02.Aug.2023
28 жастағы қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский ресми түрде «Ақтөбе» командасына ауысты.
Алматы футбол мектебінің түлегі біздің командамызда маусымның соңына дейін өнер көрсетпек.
Бойы 1,93 см құрайтын орталық қорғаушы алматылық “Қайрат” пен “Жетісудан” (Талдықорған) бөлек, көкшетаулық “Оқжетпес”, қызылордалық “Қайсар” және түркістандық “Тұран” сапында ойнаған. Израиль чемпионатындағы “Хапоэль Петах-Тиква” мен Арменияның “Лори”, “Нораванк” және “Алашкерт” сияқты клубтарының намысын қорғаған.
Тимур Қазақстан жастар құрамасында өнер көрсеткен. Соңғы кездері Қазақстан ұлттық құрамасына тартылып жүр.