Қайта оралуыңмен, Бага!

20.Dec.2023

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бағдат Қайыров “Ақтөбе” ойыншысы атанды.

30 жастағы латераль — “Ақтөбе” футбол клубының түлегі. Ақтөбеліктердің қосалқы командасында және “Ақтөбе-Жас” сапында доп тепкен.

Кейіннен әр жылдары ақтаулық “Каспий”, қызылордалық “Қайсар”, шымкенттік “Ордабасы” және қостанайлық “Тобыл” клубтарында ойнаған.

2016-2019 жылдар аралығында “Ақтөбе” намысын қорғап, сан түрлі турнирде ақ-қызылдар үшін жүзден астам матч өткізген және 2 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.