Қайта оралуыңмен, Игорь!

13.Jan.2024

Қазақстандық қақпашы Игорь Трофимец “Ақтөбе” ойыншысы атанды. Келісім-шарт мерзімі – 2 жыл.

27 жастағы голкипер — “Ақтөбе” футбол клубының түлегі. Ақтөбеліктердің қосалқы командасында және “Ақтөбе-Жас” сапында доп тепкен.

Кейіннен әр жылдары шымкенттік “Ордабасы”, қарағандылық “Шахтер” және павлодарлық “Ақсу” клубтарында ойнаған.

2016-2019 жылдар аралығында “Ақтөбе” намысын қорғап, сан түрлі турнирде ақ-қызылдар үшін елуге жуық матч өткізген.