Рэм «Ақтөбеге» қайта оралды
17.Jan.2024
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов «Ақтөбе» футбол клубымен келісім-шарт жасасты.
25 жастағы хавбек бұған дейін 2021-2022 жылдары бір жарым маусым ақ-қызылдар намысын қорғап, Қазақстанның күміс жүлдегері атанған болатын.
“Ақтөбеден” бөлек, Рамазан алматылық “Қайрат”, литвалық “Даугавпилс”, ресейлік “Чайка”, павлодарлық “Ақсу”, қостанайлық “Тобыл” мен словениялық “Копер” сапында өнер көрсетті.