Богдан Вэтэжелу: Бұл ойынды оңай ұтамыз деп ойласақ керек
01.Sep.2024
– Өздеріңіз көргендей бүгін екінші минуттан бастап 1:0 есебімен ұтып жаттық, бірақ содан соң не болғанын мен білмеймін
Мүмкін, біз бұл ойынды оңай жеңеміз деп ойлап қалған шығармыз. Алайда “Елімай” жақсы ойнады, ал біз ойынның қалған бөлігін нашар ойнадық
Бұл біздің кінәміз, жанкүйерлердің алдында кешірім сұрауымыз керек. Олардың бәрі ашулы екенін білемін, сондай-ақ соңғы төрт ойынның нәтижесіне біздің көңліміз толмайды
Чемпиондық үшін таласатын болсаң тек үш ұпай алу қажет жерде бұлай ойнау ақылға қонбайды. Бұл тұтас команданың кінәсі
Бізге санамызды тазартып, мықты болып оралу қажет
Себебі әлі алда ойындарымыз бар және келесі матчтарға барлығымыз дайын боламыз деп үміттенемін
Кім трансляцияны қараса немесе стадиондағы фанаттар көрген болса, олар біздің көбірек күш-жігер салу керектігімізді біледі, не жетпегенін білмеймін. Менің ойымша біз соңғы бір жарым-екі айда өте жеңіл голдар жібердік, бұған дейін бізде үздік қорғаныс болған
Бірақ бұл жерде мәселе қорғаушыларда, шабуылшыларда я жартылай қорғаушыларда емес, бұл проблема бәріне ортақ
Біз көп нәрсені жақсартуға тиіспіз, барлығы да командаға қалайша көбірек дүние беріп, көмектесу жағын ойлауы керек.