Жайро Жан: Футболшының әркез реванш жайлы ойлайтыны бар

16.Sep.2024

– Өте маңызды матч, біз оны ұтуға тиіс болдық. Сондықтан да, құдайға шүкір, өзіміздің ықыласымыз бен шабуылға ойнағанымыздың арқасында жеңіске жете алдық

Себебі біздің бес финалымыз қалғанын және оларды жеңуіміз керек екенін біз білеміз. Жаңа бапкермен бүгін жеңіске қол жеткіздік

Жұмысқа деген қарым-қатынас – ең бастысы осы, бүгінгі таңда қарым-қатынасты өзгерту өз қолымызда. Әрине, футболшының әркез реванш жайлы ойлайтыны бар және бүгін есе қайтаратын біздің кезегіміз еді. Біз реваншты жақсылап алдық деп ойлаймын, ал ендігі ретте бізге сәл сабыр сақтап, өз ұпайларымызды түгендеп, өз ойнымызды табу қажет