Санат Шалекенов: Мақсатымыз айқын – чемпиондық!

06.Jan.2025

– Облыс басшылығына артылған сенім үшін алғыс білдіремін. “Ақтөбе” ФК менің бала кезден жаныма жақын, менің сүйікті командам болып қала бермек. Енді мақсатымыз айқын – мүмкін болған жүлденің бәрін жеңу. Алғашқысы әрине Суперкубок. Сондай-ақ Премьер лиганың чемпиондығы, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығу. Бірінші кезекте жанкүйерлеріміздің көңілінен шығатын ойын үлгісін көрсетуді басты назарға аламыз.